Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында болған оқиғаның видеосы желіде тарап кетті

Опубликовано:

видео
Видеодан үзінді: Sputnik / Стрингер

Елордадағы гүл дүкендерінің бірінің маңына көптеген адам мен көлік жиналды. Оқиға Мәңгілік ел даңғылындағы Dream City тұрғын үй кешені маңында болған деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Жуырда әлеуметтік желіде гүл дүкені ашылатыны жарияланған. Блогерлер iPhone 12, AirPods, Apple Watch сағаты және Volkswagen Polo көлігі ойнатылатынын хабарлаған көрінеді.

Дүкеннің Instagram-дағы аккаунты оқиға орнынан тікелей эфир жүргізді. Олар жиналғандарға арнайы бағдарлама әзірлеген.

Видеода адамдардың бетперде таққанын көруге болады. Алайда ешкім әлеуметтік қашықтық сақтап тұрған жоқ.

Sputnik Қазақстан тілшісі гүл дүкеніне хабарласқан. Алайда олар басшылық пен қызметкерлердің қолы бос емес деп жауап беріпті.

Бұдан соң Instagram-да адамдар тым көп болғандықтан, ұтыс кейінге қалғанын хабарлады.

Sputnik Қазақстан осы оқиғаға байланысты денсаулық министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сауал жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897714-nur-sultannyn-sol-zagalauynda-bolgan-oqiganyn-videosy-zelide-tarap-ketti/

pixel