Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қазақстан темір жолы» әкімшілік ғимаратының шатырын қатты жел ұшырып әкетті

Опубликовано:

шатыр ұшып кетті
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысының Бұланды ауданында қатты жел «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Әкімшілік ғимаратының төбесін жұлып түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 09:30-да Бұланды ауданының Макинск қаласында теміржол станциясының кезекшісінен қатты желдің салдарынан «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Әкімшілік ғимаратының аумағында 100 шаршы метр шатыры бұзылғандығы туралы хабар түскен.

«Зардап шеккендер жоқ. Шатырға жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілді», - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған.

Синоптиктер оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23-28, кейде 30 м/с жететінін, ал ауа температурасының 0-2 жылудан 11-13 аязға дейін төмендеуін болжаған болатын.

Сондай-ақ, 7 ақпан күні Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы сақталатыны туралы хабарлаған едік.

Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші уақытта 30 м/с артуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897718-kazakstan-temir-zoly-kimsilik-gimaratyny-satyryn-katty-zel-syryp-ketti/

pixel