Ақмола облысының жолдарында 800-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды
Опубликовано:

Бүгін, 7 ақпан күні таңертең Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шыға берісте 800-ден астам жеңіл және жүк автомашинасының кептелісі орын алды деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
«Сағат 13.15-те Щучинск қаласы бағытында 300-ге жуық автомашинадан тұратын автокөлік құралдарының колоннасы полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен жолға шықты.
Сонымен қатар 500 автомашинадан жасақталған колонна Нұр-Сұлтан қаласына шықты. Сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қалаларына автокөліктердің кіруіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта Қостанай облысының автожолында автомашина кептелісі жоқ», - деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында автожолдар жабылған болатын.
Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897724-akmola-oblysyny-zoldarynda-800-den-astam-klik-keptelisite-tryp-kaldy/