Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таңғажайып көрініс": Қытайлық БАҚ еліміздегі "Мұз жанартау" туралы жазды

Опубликовано:

Мұз жаңартау1
Видеодан: Кадр

Қытайлық kazakcnr.com сайты Қазақстан жерінде табиғаттың кереметі "Мұз жанартау" көпшіліктің тамсана тамашалайтын орнына айналды, деп жазды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

"Бұл негізі жердің астынан атқылап шығатын артезиан суы. Осы су қыс мезгіліне қарай ернеуі биіктеп қатып, 14 метрге дейін көтеріліп, ортасы қуыс мұз төбешікке айналады. Сол төбесіндегі қуыстан шыққан су буы жанартаудан атқылаған түтінге ұқсайды. Бұл таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындар мен алыс-жақыннан туристер жиі келетін болған", - деп жазады CNR.

Айта кетейік, қытайлық БАҚ-тардың назарын аударған бұл ерекше көрініс Алматы облысының Кеген ауданындағы Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында орналасқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін UFC лигасында өнер көрсететін грузиялық аралас жекпе-жек шебері Мераб Двалишвили мұз ойығына түсемін деп басын жарып алғанын жазған едік.

Белгілі болғандай, таңғы уақытта жүгіруге шыққан спортшы суға түскісі келіп, мұз ойығына басымен сүңгиді.

Алайда судың қатып қалғанын байқамас керек, қатты жарақат алған ол ауруханаға барып, басын тіктіруге мәжбүр болған.

Сонымен қатар қарапайым алматылықтардың қыста қайда демалатынын жазған болатынбыз.

Қалаға қалың қар түссе болғаны, қызық іздеген тұрғындар қала маңында пайда болған сырғанақтарға ағылады.

Бүгінгі таңда Алматының маңайында осындай бірнеше сырғанақ тебу алаңдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897743-tangazaiyp-korinis-qytailyq-baq-elimizdegi-muz-zanartau-turaly-zazdy-video/

pixel