Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таксиге отырған бойжеткен 6 млн теңгесінен айырылып қалды

Опубликовано:

Такси
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресей астанасы Мәскеуде таксиге отырған бойжеткен 1 миллион рубльден (шамамен 6 млн теңге) астам қаражатын ұрлатып алды деп хабарлайды РИА Новости.

Бойжеткен 6 ақпан күні түстен кейін полицияға жүгініп, арыз жазған.

Айтуынша, ол Новослободская көшесінде таксиге отырған. Таксиде телефоны мен сөмкесін ұмытып кеткен зардап шегуші, көп ұзамай банктік шотынан қыруар қаражат қолды болғанын анықтайды.

"Бойжеткен банктегі шотынан бір миллион рубльден астам ақша жоғалып кеткенін байқаған", - дейді агенттік дереккөзі.

Ол Ресей Қылмыстық кодексінің 158-бабы төртінші бөлігі - (Ұрлық дерегі) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда 60 мың теңгеге мысық сатып алмақ болған әйел сан соғып қалғанын жазған едік.

Ол жарнама иесімен желі арқылы хабарласып, мысықтың бағасына келіскеннен кейін сатушының есепшотына алпыс мың теңге ақша аударған.

Алайда уәде етілген уақытта мысық жеткізілмегендіктен, алаяқтың құрбанына айналғанын түсінген азаматша дереу полицияға жүгінген.

Сонымен қатар Өскемен тұрғыны елді интернет арқылы құрығына түсіріп, 10 млн теңге шығын келтіргенін хабарлаған едік.

Тергеу әрекеттері барысында азаматшаның алаяқтықтың 18 фактіне қатысы бар екені анықталған.

Оның арбауына тек Сәтбаев қаласының тұрғындары ғана емес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары да түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897753-taksige-otyrgan-boizetken-6-mln-tengesinen-aiyrylyp-qaldy/

pixel