Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полиция қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ анықталды

Опубликовано:

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Ішкі істер министрлігі онлайн-брифингінде кезінде Алматыдағы бұрынғы және қазіргі полиция қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ туралы айтты. Олар ақпарат сатумен айналысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтың Алматы қалалық полиция департаментінің бұрынғы және қазіргі қызметкерлерінің құралғанын атап өтті.

"Олар азаматтық тұлғалардың көмегімен ведомстволық ақпараттық базаларды сату бойынша бизнес құрған. Дербес деректер үшінші тұлғалардың қолына өткен. Бұл бизнеспен айналысқандардың барлығы сотталды. Олардың қатарында қазіргі екі, бұрынғы үш полиция қызметкері және бір азаматтық тұлға бар.

Олардың тікелей басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, тіпті атқарып отырған лауазымынан босатылды", – дейді ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов.

Еске салсақ, бұған дейін Жезқазғанда қайтыс болған ер адамның ұялы телефонын ұрлап, оған үш шағын несие рәсімдеген жергілікті полиция басқармасының екі криминалисі сот алдына келгенін хабарлаған едік.

Іс-әрекеттерінің заңсыз екенін білсе де, сондай әрекетке барған тәртіп сақшыларына "Ұрлық", "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" және "Алаяқтық" баптары бойынша айып тағылған.

Жезқазған қалалық соты полицейлерді кінәлі деп танып, 3,5 жылға бас бостандығын шектеді. Сонымен қатар сот оларды лейтенант және аға лейтенант шенінен айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897812-almatyda-policiya-qyzmetkerlerinen-quralgan-qylmystyq-top-anyqtaldy/

pixel