Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қашаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз жүре алады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Patrul.kz

Қазақстан азаматтары 13 ақпаннан бастап өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алмай жүре алады. Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты деп жазады Қазақпарат.

Оның сөзінше, 1 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулары енгізу туралы" заң ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң ғана күшіне енеді.

Заң 2 ақпан күні "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" басылымдарында жарияланды және 13 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар Түсіпов қазіргі уақытта министрлік жол жүрісі ережесіне жүргізушілердің Қазақстанда берілген құжаттарды өзімен бірге алып жүру міндетін алып тастау бөлігінде тиісті өзгертулер енгізіліп жатқанын атап өтті.

"Бұл ретте заң аталған жол жүрісі ережесінен жоғары тұратындығына назар аудартқым келеді Демек, полиция қызметкерлері жол жүрісі ережесінің нормасына бола құжаттарды талап етпейді", - дейді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Одан бөлек Түсіпов жүргізуші куәлігімен техпаспорт беру қызметі жалғаса беретіндігін жеткізді.

Оның дерегінше, жыл сайын шамамен 500 мың жүргізуші куәлігі және 1,5 миллиондай техпаспорт беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығын төлеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897813-qazaqstandyqtar-qasannan-bastap-zurgizusi-kualiginsiz-zure-alady/

pixel