Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада "еріншектерге" 14 мың теңгеден айыппұл салынып жатыр

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласының iKomek 109 қызметі көшеде темекі тұқылын тастаған көлік жүргізушілерін бейнебақылау жүйесі арқылы қалай жазалайтынын көрсетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

iKomek 109-дың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видеодан елордадағы бейнебақылау жүйесінің жұмысын байқау қиын емес.

Операторлар алдымен көлікте шылым шегіп отырған жүргізушіні түсіреді. Одан кейін оның темекі тұқылын далаға тастай салғанын көрсетеді. Бірнеше минуттың ішінде сол аймаққа патрульдік полиция барып, көлік жүргізушісіне айыппұл салады. Осылайша, шылым шегетіндердің көбісі жазаға тартылыпты.

Роликті көрген желі оқырмандары әртүрлі пікір қалдырған. Бірі "темекі сіздің әмияныңыз үшін қауіпті" деп қалжыңдаса, енді біреулер қаланың шеткі аудандарында да бейнебақылау камераларын көбірек орнатуды сұрайды. Өйткені адамдар темекі тұқылы былай тұрсын, бөтелке тастап кетеді, дейді олар. Одан бөлек, пікір білдіргендердің арасында көшеде түкіргені үшін көбірек айыппұл салу керек деп санайтындар да кездесті.  

"Осы темекі шегетіндер шаршатты. Балкон терезесін де аша алмаймыз, темекісін шегіп, лақтырып қана қоймай, қақырып кетеді. Оларға да айыппұл салу керек", - дейді елордалықтар.

Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте темекі тұқылын көшеде тастағаны үшін 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салу жазасы қарастырылған. Тәртіп бұзушы осы әрекетін бір жылдың ішінде қайталаса, айыппұлдың көлемі артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897836-elordada-erinsekterge-14-myn-tengeden-aiyppul-salynyp-zatyr/

pixel