Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"33 градусқа дейін аяз": Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Республика аумағында алдағы үш күн ішінде ауа температурасы 23-33 градусқа дейінгі аралықта төмендеуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 9-11 ақпан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аумағынан келетін суық антициклон ықпалында болады.

Сондықтан ауа температурасы 23-30 градусқа, ал елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Ал елдің батыс өңіріне Атлантика аумағынан жететін кезекті циклон әсер етеді. Аймақта қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан көктайғақ болады. Сонымен қатар, төңіректі қалың тұман қаптайды деп болжанған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасаған еді.

Оның болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді.

"Әлеуметтік жағдай нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі ықтимал. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда", - деді маман.

Сонымен қатар қыстың үшінші айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер, қолма-қол ақшамен қиындықтар туындауы мүмкін.Валюта бағамы құбылады. Астролог доллардың нығаюы мүмкін екенін ескертті.

"Менен көбі "Ақшаны қай валютада сақтайын?" деп сұрайды. Мен жақын арада доллармен сақтауға кеңес беремін", - деді астролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897861-33-graduska-dejin-aaz-sinoptikter-aldagy-s-knge-bolzam-zasady/

pixel