Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырда мешітке бара жатқан Қазақстан азаматы ұсталды

Опубликовано:

Мешіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Мысыр астанасы Каирде мешітке барар жолда қазақстандық азамат ұсталды. Ер адам көші-қон заңнамасын бұзып, елден депортацияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

7 ақпанда 1989 жылы туған ер адам Алматыға Стамбул рейсімен келген. Каирде ол теологиялық білім беру орнында оқыған. Бірақ жергілікті билік көші-қон заңнамасының бұзылуына байланысты оны мешітке барар жолда ұстаған.

Қазақстан азаматының Мысырда заңсыз жүргені анықталған.

Шет елдерде бейресми негізде болудың және күмәнді оқу орындарында оқудың қауіптілігі туралы халыққа бірнеше рет ақпарат берілді. Осыған байланысты, оралған студентке Алматы қаласында орналасқан "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде білім алу ұсынылған.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы киелі Түркістан облысына ресми сапармен барды. Сапар барысында Бас мүфти Отырар ауданы Шәуілдір елдімекеніндегі "Есен ана" мешітінде жұма намазы оқылған болатын.

"Бүгін бір жылға жуық асыға күткен жұма намазын оқуға мүмкіндік алдық. Қауіпсіз "жасыл аймақта" орналасқан мешіттерімізде жұма намазын оқуға рұқсат берілді. Мінеки, сіздердің дұғаларыңыздың арқасында, ортақ пәтуаға бағынған бірлігіміздің нәтижесінде осындай оң шешімнің қабылдануына себепші болдық", – деді жамағатқа насихат айтқан Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897882-mysyrda-mesitke-bara-zatkan-kazakstan-azamaty-staldy/

pixel