Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Супер мамаситаның" туған күніндегі видео санитар дәрігерлердің назарына ілікті

Опубликовано:

Әлия Байтуғаева
Әлия Байтуғаева. Фото: instagram.com/super.mamasita

Блогер Әлия Байтуғаеваның туған күнін тойлау кезінде түсірілген видео Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің назарына ілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның Instagram-да жарияланған видеоларында мерекеге көптеген қонақтың, соның ішінде танымал қонақтардың қатысатынын көруге болады. Олардың арасында блогерлер Суперпапа Серік, Нами Құлымбетова және Ерболат Жанәбілов, актриса және әнші Сая Оразғалиева, әнші Алан Черкасов және басқалары бар.

Әлияның туған күні әзіл-қалжыңға, әнге, билерге, байқауларға толы болды.

Алматыдағы СЭКД NUR.KZ тілшісіне қазір мамандар бұл видеолардағы іс-шараны өткізу орны мен уақытын анықтап, зерттеп жатқанын айтты.

"Тексеру нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылданады", – деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында, Қазақстанда да карантин әлі де күшінде. Оның ережелеріне сәйкес, жаппай іс-шараларды, оның ішінде той өткізуге тыйым салынады.

Еске салсақ, 2021 жылдың 6 ақпанында Абай ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара өткізу барысында той өткізіліп жатқанын анықтаған. Полицейлер мерекелік іс-шараны тоқтатып, тойға келген 200-ге жуық адамды үйіне қайтарды.

Тойхана иесін карантин режимін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес жинақталған материалдар Абай ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897892-super-mamasitanyn-tugan-kunindegi-video-sanitar-darigerlerdin-nazaryna-ilikti/

pixel