Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин жеңілдетілді
Жарияланған күні:
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында өңірлік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Осыған байланысты бірнеше карантиндік шектеулер жеңілдетіледі.
Құжатқа сәйкес, БҚО-да театрлар мен мәдени орталықтардың жұмысы қайта жанданады (жеке, топтық дайындықтарға бір мезетте 30-дан артық адам қатыспауы, сондай-ақ келуішлер саны жалпы отыратын орынның 20 пайызынан аспауы керек).
Кинотеатрлардағы келушілер саны жалпы отыратын орынның 20 пайызынан аспауы керек. Көрермендер маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы шарт.
Қоғамдық тамақтану орындары 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы ретте ғимараттағы сыйымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс. Үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы, бір үстел басында 4 адамнан артық отырмауы керек. Сонымен бірге ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да жаппай іс-шараларға рұқсат жоқ.
Қаулыға сәйкес, жабық базарлар жексенбі күндері жұмыс істей алмайды. Ал ашық базарлар 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сауда үйлері мен сауда орталықтарында келушілердің сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы керек. Бұл осы орталықтарда орналасқан супермаркеттер мен дәріханаларға, сұлулық салондарына, химиялық тазалау орындары мен гүл сататын дүкендерге, фотосалондарға, кинотеатрлар мен банктерге қатысты емес.
Діни нысандардың да жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Осы ретте сыйымдылық 30 пайыздан аспауы керек. Ал бір келушіге 5 шаршы метрден бөлінуі тиіс. Жаппай ұжымдық іс-шаралар өткізуге (жұма намазы, діни жоралғылар және т.б.).
Қаулы 8 ақпаннан бастап күшіне енді. Жарлықтың толық нұсқасымен осы жерде танысуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897904-qazaqstannyn-tagy-bir-onirinde-karantin-zenildetildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.