Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда екі ер адам қызды "бөлісе" алмай, төбелесіп қалған

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қарағандыда екі ер адам әйел үшін төбелесіп қалды. Жанжал салдарынан біреуі екіншісін пышақтап тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазыбек би аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Танысының үйінде жанжал шығарған 27 жастағы ер адам сот алдында жауап берді.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, қылмыс өткен жылдың қазан айныда жасалған. Ер адам таныс қызының үйіне келген. Сол жерде келіншектің азаматтық некедегі күйеуі де болыпты. Бәрі бірге алкоголь ішкен.

Отырыс кезінде азаматтық некедегі күйеуі әйелін қонақтан қызғанып, ер адамдар арасында дау шыққан. Оның арты қанды төбелеске ұласқан.

Қонақ үстелден жеміс тураған пышақты алып, қарсыласына бірнеше рет сұғып алған. Осыдан кейін ол сыртқа қашып кетіп, қылмыс қаруын лақтырып жіберіп, жасырынып қалмақ болған. Кейінірек, ер адам істеген ісін түсініп, танысының пәтеріне келіп, полицияға өзі берілген.

Сот барысында айыпталушы қарсыласының соққысынан қорғану үшін пышақ қолданғанын айтқан. Қуанышқа орай, зардап шегуші де аман қалыпты. Ол жанжалдың не себепті шыққаны есінде еместігін және сотталушыға еш шағымы жоқ екенін айтқан.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабы, 1 бөлігі бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1897905-qaragandyda-er-adamdar-qyzdy-bolise-almai-tobelesip-qalgan/

pixel