Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде өткен тәулікте 1000-ға жуық адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Тәжвирус және карантин
Фото: NUR.KZ

Қазақстанда өткен тәулікте 918 адамда коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 74

Алматы қаласы - 118

Шымкент қаласы - 8

Ақмола облысы - 98

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 50

Атырау облысы - 25

Шығыс Қазақстан облысы - 86

Жамбыл облысы - 12

Батыс Қазақстан облысы - 51

Қарағанды облысы - 29

Қостанай облысы - 80

Қызылорда облысы - 10

Павлодар облысы - 208

Солтүстік Қазақстан облысы - 61

Түркістан облысы - 7

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 197033.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин жеңілдетілді. Атап айтқанда, БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында өңірлік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, БҚО-да театрлар мен мәдени орталықтардың жұмысы қайта жанданады (жеке, топтық дайындықтарға бір мезетте 30-дан артық адам қатыспауы, сондай-ақ келуішлер саны жалпы отыратын орынның 20 пайызынан аспауы керек).

Кинотеатрлардағы келушілер саны жалпы отыратын орынның 20 пай

ызынан аспауы керек. Көрермендер маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы шарт. Қоғамдық тамақтану орындары 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы ретте ғимараттағы сыйымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс.

Үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы, бір үстел басында 4 адамнан артық отырмауы керек. Сонымен бірге ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да жаппай іс-шараларға рұқсат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897946-elde-otken-taulikte-1000-ga-zuyq-adam-koronavirus-zuqtyrdy/