RU

Елордада бастауыш сынып оқушыларына сабақ қашықтан өтеді

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтан өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 2021 жылдың 9 ақпаны күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысатынын хабарлады.

Еске салайық, Online mektep платформасында үшінші сынып оқушыларына арналған тапсырма әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Қолданушылар орыс тіліндегі мәтінде әдепсіз сөздер жазылғанын суретке түсіріп, білім министрлігін сынға алды.

Фейсбуктегі "Талдықорганец" тобында Online mektep-те жаттығудың скриншотымен жазба жарияланды. Үшінші сынып оқушыларына орыс тілінде берілген тапсырмада грамматикалық және мағыналық қателері көп мәтін ұсынылған. Онда: "злой осел попадает в охотника", "сыграл на кюи" деген сияқты сөйлемдер мен бейәдеп сөздер жазылған.

Осы жағдайға қатысты арнайы түсініктеме берген Online mektep жобасының атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы тапсырманың түпнұсқасы қазақ тілінде берілгенін – онда ешқандай қателіктер жоқ екенін атап өтті.

"Кейбір қолданушылар мәтінді аударуда интернеттегі автоматты аудармашыны қолданады. Былайша айтқанда хайп жасау үшін скриншот түсіріп, чаттар арқылы жібереді. Online mektep платформасында ешқандай қателіктер жоқ. Платформаны жасаушыларға автоматты аудару тетігін қолдануына жол берілмейді. Ал негізінен оқулықтағы тапсырма дұрыс құрастырылған. Жалпы бұл өзі желі қолданушылары арасында түрлі пікір жазғызып немесе лайк жинау үшін жасалатын әрекет емес", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897950-elordada-bastauys-synyp-oqusylaryna-sabaq-qasyqtan-otedi/