Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай жол апаты орнында көліктің астына түспек болған ер адам ұсталды (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Sputnik / Стрингер

Алматыдағы Брусиловский мен Құлымбетов көшелерінің қиылысында жол апта орын алды. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушісі зардап шеккен. Бірақ олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Sputnik Қазақстанның жауынша, Suzuki Grand Vitara көлігі Құлымбетов көшесімен шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Брусиловскиймен қиылыста жүргізуші "Жол бер" деген белгінің алдында тоқтаған.

Содан кейін көліктер өтіп кеткен соң жүргізуші көшеден өте бастаған. Бірақ жарықтың нашарлығынан Брусиловскиймен солтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан Hyundai Tucson көлігін байқамай қалған деп жазады басылым.

Салдарынан Suzuki Hyundai көлігінің бүйірінен соққан. Соққыдан көліктер жан-жаққа кетіп, Tucson Құлымбетовпен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан Chevrolet Aveo көлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін Suzuki Hyundai көлігін электр бағанына ығыстырған.

Жол апаты
Фото: Sputnik / Стрингер

Suzuki мен Hyundai жүргізушілері жарақат алған. Бірақ екеуі де ауруханаға барудан бас тартты.

Басылымның жазуынша, тәртіп сақшылары жол апатын рәсімдеп жатқан кезде жас ер адамның көлік астына түспек болып жатқанын байқаған.

Полицей мен 109 қызметінің қызметкері жас жігітті ұстап, жедел жәрдем шақырған. Ер адамның нашар жағдайда болғаны анықталған. Сонымен бірге оның қалтасынан пышақ түсіп қалыпты.

Еске сала кетсек, Алматы облысында полицейлер 26 ұрлық жасаған күдікті ер адамды қолға түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897960-almatyda-zappai-zol-apaty-ornynda-koliktin-astyna-tuspek-bolgan-er-adam-ustaldy-foto/

pixel