Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Емші бала Ерболсын Серікбай шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

Емші бала Ерболсын Серікбай жарымен
Фото: Instagram/erbolsyn_serikbaev

Қалың көпшілікке танымал емші бала Ерболсын Серікбай ақ құсын қолына қондырып, отбасын құрды. Үкілі бала сүйіктісін ешкімнен жасырмай, желіде онымен түскен ерекше суреттерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерболсын Серікбайдың шаңырақ көтергені туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Емші бала желіде жарын үйіне келін ретінде түсіріп алып келген сәтінен фото мен видео жариялап, барша оқырмандарын қуантты.

Ол бұған дейін үйленетінін бірнеше рет хабарлаған еді.

Сонымен қатар, үкілі бала көпшіліктен ғашығын жасырмай-ақ, онымен түскен фотосессиясымен бөлісті. Суреттерде жас жұбайлардың кең далада ұлттық нақыштағы киімдермен жүргенін көруге болады. Ерболсынның жазбадасынғы ақпаратқа сәйкес, оның сүйіктісінің аты да анықталды. Емшінің таңдауы Мадина есімді аруға түскен.

"Бәріне сәлем. Ең алдымен, Алла тағалаға шүкір етем. Маған жарық дүниені көрсеткені үшін тәубе деймін. Маған бар жақсыны беріп, керемет тәрбиелеген ата-анам үшін алғыс айтамын. Үлкен өмірге алғашқы қадам жасайтын уақытым келіп қалды. Осы таңдауды жасауға қолдау көрсеткен барша туысыма, жақындарыма рахмет. Мадикош, Алла біздің өмірлік жолымызды ұзағынан қылсын. Әмин" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден Ерболсын Серікбай мен оның жарын құттықтап, жас жұбайларға өөз ақ тілектерін жарыса жаудырған. Олар емші баланың өз бақытын тауып, шаңырақ көтергеніне аса қатты қуанған.

Емші бала Ерболсын Серікбай жарымен
Фото: Instagram/erbolsyn_serikbaev

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897976-emsi-bala-erbolsyn-serikbai-sanyraq-koterdi-foto/

pixel