Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танзанияда 15 адам белгісіз аурудан қайтыс болды

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Getty Images

Танзанияда 15 адам белгісіз дерттен қайтыс болды деп хабарлайды Anadolu Agency.

Танзания денсаулық сақтау жүйесі өкідеріне сілтеме жасаған басылым 50- ден аса науқас белгісіз инфекцияның белгілерімен ауруханаға түскен. Олардың ішінде жүрек айну менқан құсу бар.

Мбея қаласының Чунья шалғай ауданының бас дәрігері Фелиста Кисанду медициналық сарапшылар командасы ауру себебін анықтап, науқастарға клиникалық баға беруге аттанғанын айтты.

Алайда, Танзания денсаулық сақтау министрлігі бірден ауру көбеюінің алдын алды. Кисандудың сөзінш, алғақы клиникалық тексеріс науқастар, әсіресе ер адамдар асқазан мен байыр ауруымен кұрескен. Сынаппен ластану іздері бар-жоғын анықтау үшін қаладағы су үлгілері мен науқастардың қаны елдің бас зертханасына жіберілді.

Танзанияның денсаулық сақтау министрі Дорот Гваджима ресми тұлғалар оқиғаның мән-жайын анықтағанша адамдарды сабырлық танытуға шақырды. Мбея Бас медициналық басқармасының жазбаларына сүйенсек, осыған ұқсас ауру өңірде 2018 жылы да тараған. Ол уақытта бірнеше адам дене қызуымен, асқазан ауруымен, қан құсумен ауруханаға түскен.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 918 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы ел бойынша қауіпті дертпен ауырғандар саны 197033-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898009-tanzaniyada-15-adam-belgisiz-aurudan-qaitys-boldy/

pixel