Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне қасақана ВИЧ инфекциясын жұқтырған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысының полиция қызметкерлері адамға ВИЧ инфекциясын жұқтыру бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 6 ақпанда Целиноград аудандық полиция бөліміне шағым түскен.

Онда 43 жастағы ер адамның жарты жыл бұрын бір әйелмен танысқаны және онымен жақын қарым-қатынаста болғаны айтылған.

Ақпан айында оның ВИЧ сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Ал 37 жастағы әйел бірнеше жылдан бері осы ауруға шалдыққан адамдардың есебінде тұрыпты

Ер адам әйел инфекция жайында біле тұра, оны әдейі жұқтырды деген шешімге келген. Содан полиция қызметкерлеріне шағым түсірген.

"Жауап алу кезінде күдікті ағзасында ВИЧ инфекциясы бар екенін білгені анықталды. Оған ауруды басқа біреуге жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілген", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 118-бабы, 2-бөлігі "Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғаны белгілі болды. Осы бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні таңертең Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шыға берісте 800-ден астам жеңіл және жүк автомашинасының кептелісі орын алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898019-aqmola-oblysynyn-turgyny-suiiktisine-qasaqana-vic-infekciyasyn-zuqtyrgan/

pixel