Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа қайта жақындады

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ұлттық денсаулық сақтау орталығының ресми сайтында орналастырылған жаңартылған эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес, Алматы COVID-19 дертінің таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" және "сары" аймақтардың шекарасында орналасқан.

Алматы қаласы бір күн бұрын "жасыл" аймақта болған болса, бүгінде ол "сары" аймақтың шекарасына жақын тұр. Жалпы, 9 ақпандағы жағдай бойынша еліміздің өңірлері келесідей аймақтарға бөлінді:

"Қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары;

"Сары" аймақта - Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары;

"Жасыл" аймақта - еліміздің өзге өңірлері жайғасқан.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 918 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болған еді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 197033.

Одан бөлек, БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында өңірлік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланған болатын.

Оған сәйкес, бірнеше карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Нақтырақ айтсақ, БҚО-да театрлар мен мәдени орталықтардың жұмысы қайта жанданады. Ол үшін жеке, топтық дайындықтарға бір мезетте 30-дан артық адам қатыспауы, сондай-ақ келуішлер саны жалпы отыратын орынның 20 пайызынан аспауы керек.

Құжатта кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары, жабық базарлар, сауда орындары мен діни нысандардың жұмыс істеу режиміне қатысты қандай шектеулер қойылатынын да сөз етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898025-almaty-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-sary-aimaqqa-qaita-zaqyndady/

pixel