RU

Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ақтөбелік азамат Ресейде ұсталды

Кісен
Көрнекі фото: perm.aif.ru

Алаяқтық жасағаны үшін екі жыл бойы іздеуде жүрген ақтөбелік Ресейде қолға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті 2018 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Қазіргі кезде оны Ресейден Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

"Сондай-ақ, алаяқтық жасап сотталған тағы бір ақтөбелік Алматы қаласына қашып кеткен. Сот үкімі онлайн шыққан соң ол жасырынып қалған. Ақтөбе облысының полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген он қылмыскерді ұстады. Олардың төртеуіне өткен жылдары іздеу жарияланған. Криминалдық полиция сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді және одан әрі жалғастырады", – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысы, Қосшы ауылының тұрғыны Гүлнәр Сәрсенованың 14 қаңтарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді.

Келіншекті күйеуі іздеп, Целиноград аудандық полиция бөліміне жүгінген. Жүктіліктің алтыншы айындағы әйелі белгісіз себептермен жоғалған күні Александр Қостанайда болған. Ер адам әйелінің Қарағандыда анасы мен туыстары бар екенін, бірақ олар да оның қайда екенінен бейхабар екенін айтқан еді.

Бірнеше күннен кейін Қосшы ауылында белгісіз себептермен жоғалып кеткен 32 жастағы жүкті әйел Қарағандыдан табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898046-alayaqtyq-zasagany-usin-izdeude-zurgen-aqtobelik-azamat-reseide-ustaldy/