Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда сотталушы тік ішегіне "гашиш" салып, изоляторға кірмек болған

Опубликовано:

есірткі1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында тік ішегіне "гашиш" салып, тергеу изоляторына кірмек болған сотталушы ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі облыстық департаментінің басшысы Абай Қайырбековтің айтуынша, қызметкерлер сотталған адамды уақытша ұстау изоляторына әкелген.

"Рентгеннен өту кезінде сотталған азаматтың денесінің төменгі бөлігінде күдікті зат байқалып, оны толық тексеру туралы шешім қабылданды. Тексеруден кейін ол тік ішегіне салмағы 4 грамм болатын гашиш түйіншегін салып алғаны анықталды",— дейді Абай Қайырбеков.

Сотталған азамат есірткіні мекеме аумағына кіргізгісі келгенін бірден мойындаған. Алайда, тергеу изоляторында оған тыйым салынған заттардың бар-жоғы туралы сұрақ қойылған екен.

Қазір аталған факті бойынша алғашқы материал жиналып, ереже бұзушылық туралы журналға тіркелген. Ол ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу" бабына сәйкес жауапқа тартылады.

Департамент мәліметінше, сотталған азаматтарға тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша жоғары ТЖ-158/4 мекемесінің аумағына дронмен екі смартфон өткізбек болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Атырауда түрмеге тыйым салынған зат лақтырғандар қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898077-qostanaida-sottalusy-tik-isegine-gasis-salyp-izolyatorga-kirmek-bolgan/

pixel