Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ұсталған әкімінің ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Серикжан Ерекешев сидит за столом на рабочем кресле
Фото: gov.kz

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевке қатысты іс бойынша жаңа мәліметтерді жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қадағалаушы органның мәліметінше, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевке және әкімдіктің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Бұл іспен Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары айналысуда.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары (Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның қомақты мөлшерде ақша түрінде бірнеше рет пара алуы) бойынша жүргізілуде.

Сонымен қатар өңір прокуратурасы 26 қаңтарда Ерекешевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейтіні айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында желіде Алматы облысы Талғар ауданының әкімі мен оның қарамағындағылардың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Желі қолданушылары әкім Серікжан Ерекешевті полиция қызметкерлері ұстады деген жазба таратты. Жазбада оны және ТКШ бөлімінің бастығы мен орынбасарын 10 миллион теңге пара алды деп айыптап жатқаны сөз етілген.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ерекешевтің ұсталғанын растады.

Айта кетейік, Серікжан Ерекешов Талғар ауданы әкімі қызметіне өткен жылдың тамыз айында тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898111-almaty-oblysynda-akimnin-ustaluyna-qatysty-zana-derekter-paida-boldy/

pixel