RU

Көктайғақ, тұман, жел: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

10 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкент қаласында 10 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с күтіледі.

Атырау қаласында түнде және таңертең 10 ақпанда жел оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақтауда 10 ақпанда түнде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқысан, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз 10 ақпанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898138-koktaigaq-tuman-zel-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/