RU

Маңғыстауда уақытша ұстау изоляторына барғысы келмеген адам қасықтың сабын жұтып қойған

Түрме
Көрнекі фото: piqsels.com

Маңғыстау облысында тергеу изоляторында отырған ер адам қасықтың сабын жұтып қойған. Бұл туралы өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Lada.kz.

Ведомстовның хабарлауынша, оқиға 5 ақпанда ГМ-172/10 мекемесінде болған.

"Тексеру кезінде ол өз әрекетін тергеу амалдарын жүргізу үшін уақытша ұстау изоляторына (ДП ПБ) барғысы келмейтіндігімен түсіндірді. Ер адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта тергелушінің ГМ-172/10 мекемесінің әкімшілігіне арызы мен шағымдары жоқ", - дейді Маңғыстау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105 бабы (Өз-өзіне қол салуға итермелеу) бабы бойынша тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында тік ішегіне "гашиш" салып, тергеу изоляторына кірмек болған ер адамның ұсталғаны хабарланған еді.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Абай Қайырбековтің айтуынша, ер адамның тік ішегіндегі 4 грамм болатын гашиш түйіншегі рентгеннен өткізу кезінде анықталған.

Сонымен қатар Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша жоғары ТЖ-158/4 мекемесінің аумағына дронмен екі смартфон өткізбек болғанын жазған едік.

Сонымен бірге Атырауда түрмеге тыйым салынған зат лақтырған 25 жастағы екі жігіт қамауға алынған болатын. Ұсталған азаматтар бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898204-mangystauda-tergeu-izolyatorynda-otyrgan-er-adam-qasyqtyn-sabyn-zutyp-qoidy/