Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда коронавирустың британдық штамы жиі тіркеле бастаған

Опубликовано:

Коронавирус85
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанда коронавирустың таралуы бәсеңдегенмен аймақта инфекцияның британдық штамы жұқтырғандар жиі тіркеле бастаған деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеп отыр. Мамандардың айтуынша, ақпан айының басынан бастап коронавирус жұқтырғандар қатары азайған.

Десе де, вирустың мутацияға ушыраған деректері жиі тіркеле бастаған.

Сол себепті жергілікті билік халықты босаңсымай, санитарлық талаптарға немқұрайлы қарамауға шақырады.

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде республикада 68 адамға коронавирус диагнозы қойылған. Екі науқас көз жұмды. Елде вакцинация науқаны басталған жоқ.

Үкімет тиісті препарат әлі де сатып алынбағанын айтады.

"Жуырда Өзбекстанда коронавирустың жаңа түрі тіркелген еді. Кейін вирус біртіндеп жайыла бастады. Сол себепті әлі де барынша сақ болуымыз керек. Өзімізді және жақындарымызды індеттен қорғау үшін барлық қауіпсіздік шараларды бұлжытпай орындау керек", - дейді қырғыз денсаулық сақтау және қр әлеуметтік даму министрінің орынбасары Нұрболот Усенбаев.

Ал елдегі ахуалға келсек, өткен тәулікте 1053 адам COVID-19 анықталған. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 198 086-ға жетіп отыр.

Коронавирустың таралу көрсетіші бойынша Павлодар мен Ақмола облысы "қызыл" аймақта.

1 ақпанда елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898233-qyrgyzstanda-koronavirustyn-britandyq-stamy-zii-tirkele-bastagan/

pixel