Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы кинотеатрларына көрермендер QR-код арқылы кіргізілетін болады

Опубликовано:

кинотт
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматы кинотеатрлары Ashyq қосымшасын қолданатын болады. Қазір келушілердің онлайн билет сатып алу сатысында қосымшаға тіркелуіне мүмкіндік беретін механизмдер мен қатысу алгоритмін әзірлеуде деп хабарлайды atameken.kz.

Бүгінде Алматыда коронавирус инфекциясының таралу қатерін азайтуға бағытталған пилотты жобаға 15 фитнес-орталық пен СПА және сауналар қатысып жатыр.

Ashyq мобильді қосымшасы адамның індетке шалдығу статусын анықтайды. Мәселен, COVID жұқтырған адаммен байланыста болған-болмағанын индикаторлармен білуге болады.

Қазір жобаға кинотеатрлар да қосылған. Басшыларының ойынша, мұндай шара кинозалға келушілердің індет жұқтыру қаупін азайтады. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева айтқан.

Алматылық кәсіпкер Марат Жылқыайдаров қосымшаны алғаш пайдаланған күндері туындаған сұрақтарға құрастырушылар жылдам жауап бергенін хабарлады. Оның сөзінше, қазіргі таңда қосымша жылдам әрі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Сонымен бірге Жылқыайдаровтың айтуынша, егер келуші Ashyq-ты жүктегісі келмесе, онда кәсіпкерлер адамның ЖСН-і арқылы бір минуттың ішінде азаматтың індетке шалдығу статусын анықтай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған азаматтардың иммундық мәртебесін QR-код арқылы білуге болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898274-almaty-kinoteatrlaryna-korermender-qr-kod-arqyly-kirgiziletin-bolady/

pixel