Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Жезқазғанда апатты жағдайда тұрған үйлердің көп болуына байланысты жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, шаһарда апатты жағдайда 24 үй тұр. Олар адам өліміне әкеп соғуы мүмкін, дейді ведомство өкілдері.

Апатты жағдайда тұрған үй тізімінде Жезқазған қаласының Абай көшесіндегі №53, 55, 57, 59, 63, 69 көппәтерлі үйлер, Байқоңыров көшесіндегі  №22, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 42, 44, 48, 50 көппәтерлі үйлер, Омаров көшесі, №30 көппәтерлі үй, Некрасов көшесі, №13 көппәтерлі үй, Бейбітшілік көшесі, №3 көппәтерлі үй, Алаша хан көшесі, №24 (4-кіреберіс) көппәтерлі үй, Жеңіс көшесі, №11 көппәтерлі үй, Шевченко көшесі, 23 (1-ші кіреберіс) көппәтерлі үй, Железнодорожная көшесі, №19 көппәтерлі үй бар.

Әкімдік әзірлеген құжат Ашық НҚА сайтында жарық көрді.

Төтенше жағдайды жоюға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бапанов жауапты болмақ.

Айта кетейік, бұл бағыт бойынша жұмыстар өңірде 2020 жылы басталды. 2025 жылға дейін барлығы шешіледі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Жезқазғанда қайтыс болған ер адамның ұялы телефонын ұрлап, оған үш шағын несие рәсімдеген жергілікті полиция басқармасының екі криминалисі сот алдына келгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898306-qazaqstannyn-bir-qalasynda-zergilikti-auqymdagy-totense-zagdai-zariyalanady/

pixel