Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда маскасыз жүруге қашан рұқсат етіледі

Опубликовано:

Тәжвирус маска
Көрнекі фото: azh.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде қазақстандықтар қоғамдық орындарда қандай жағдайда медициналық маскасыз жүре алатынын айты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында жуналистер денсаулық сақтау министрлігінің жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина егу туралы жоспарын еске салды.

"Егер ол коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаса, маскасыз жүре ала ма?",- деп сұрады тілшілер министрлік өкілдерінен.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят медициналық масканы тақпауға тек ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда ғана рұқсат екенін хабарлады.

"Әзірге халықтың 60 пайызы вакцина қабылдамайды, бұлай біз ұжымдық иммунитет қалыптастыра алмаймыз, масканы шешуге болмайды", -деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда жаппай вакцинациялау 2021 жылдың ақпан айында басталды. Ал COVID-19 инфекциясының қалай пайда болғанын тексеріп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары инфекция Уханьдағы зертханадан тарады деген тұжырымды жоққа шығарды.

Топ құрамына АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланды, Катар және Вьетнамнан келген вирусологтар мен басқа да сарапшылар кіреді. Ғалымдар вирус адамдарға Қытайдың оңтүстік-батысындағы жарғанаттардан немесе басқа жануарлардан жұқты деп болжап отыр. Делегация басшысы Бен Эмбаректің айтуынша, коронавирус Уханьдағы зертханадан тарады деген тұжырымды әрі қарай қосымша зерттеудің қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898315-kazakstanda-maskasyz-zruge-kasan-rksat-etiledi/

pixel