Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 65 жастан асқандарға вакцина салына ма

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында "65 жастан асқандарға вакцина салына ма" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, жақында ғана ел аумағына жеткізілген "Спутник V" екпесі бүгінде 13 301 адамға салынған.

Олардың қатарында инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сонымен қатар коронавируспен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері бар.

Келесі кезекте вакцинация педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері арасында жүргізілмек.

Алексей Цой вакцинациялау жоспары бірнеше рет айтылғанын сөз етті.

"Қазақстанда Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын "Спутник V" вакцинасын жеткізу және пайдалану жоспарлануда. Қазірдің өзінде 90 мың доза көлемінде бірінші партияның өндірісі басталды, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге ақпан айының соңына қарай жөнелтіледі. Шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 миллион дозаға жетеді",- деді ол.

Одан бөлек, министр 65 жастан асқан адамдарға қатысты вакцинациялау жоспарын жеткізді.   

"65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты көптеген сұрақ келіп жатыр. Министрлік созылмалы ауру, аллергиялық реакция, басқа да қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, осы санатты вакцинациялау жоспарына енгізу мәселесін қарастырады",- деді Алексей Цой. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898329-qazaqstanda-65-zastan-asqandarga-vakcina-salyna-ma/

pixel