Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан бір бала қайтыс болды

Опубликовано:

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Қазақстанда өткен жылы жазда коронавирустан бір бала қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі кезде жылдық есеп беру жүріп жатыр. Жылдық есепте бір жағдай анықталды, яғни 16 жастағы қыз бала көз жұмған. Бұл жағдай жаз кезінде Ақмола облысында тіркелген", - деді А. Ғиният.

Сонымен қатар ол жыл басынан елімізде коронавирустың нақтыланған диагнозымен 4 285 бала тіркелгенін айтты. Оның ішінде 10-ы жаңа туған нәресте екені анықталды. Балалардың 65 пайызы сауығып шықты.

Қазіргі кезде стационарлық емдеумен 144 бала қамтылған. Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектеп оқушылары арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады. Оқу жылы басталған сәттен бері 7 571 оқушы коронавируспен ауырды.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898353-qazaqstanda-koronavirustan-bir-bala-qaitys-boldy/

pixel