Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіруге қанша қаражат бөлінді

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіруге қанша қаражат бөлінгені туралы сұраққа жауап берді.

"Қарағандыда вакцина өндіруге 15 миллиард 175 миллион теңге бөлінді. Жалпы ресейлік вакцинаға 18 миллиард теңге бөлу жоспарланған", - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына.

Вакцинаның бірінші партиясы Қазақстанға екі доза үшін 26 доллар бағасымен жеткізілген.

"Біз Ресей аумағынан тыс жалғыз эксклюзивті жеткізушіден – тікелей инвестициялар қорынан ресми хат алдық, онда бағаны төмендету мәселесі қайта қаралуы мүмкін екені жазылған. Бәрі өнімнің жаппай шығарылуына байланысты, қазіргі уақытта ол 26 доллар тұрады", - деп келтіреді Алексей Цойдың сөзін ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі неліктен коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын емес, отандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді.

Оның сөзінше, Қазақстанда вакциналауға жіберілген барлық екпелер тексерілген әрі қауіпсіз болып саналады.

"Өздеріңіз білесіздер, ресейлік "Спутник V" келді, Денсаулық сақтау министрлігі бойынша және өңірлердегі әріптестеріміз, сондай-ақ медициналық қызметкерлер вакцинаны салдырып жатыр. Бұл вакцина тиімді және қауіпсіз саналып отыр", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898354-kazakstanda-resejlik-sputnik-v-vakcinasyn-ndiruge-kansa-karazat-blindi/

pixel