RU

Дамыған елдерде жоқ COVID-ке қарсы вакцина не себепті елімізде бар: Цой жауап берді

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі көптеген дамыған елдердің өзінде жоқ COVID-ке қарсы вакцинаның не себепті Қазақстанда барын "Хабар 24" телеарнасының эфирінде түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Қазақстан вакцина жасап жатыр. Екі вакцина жасауға мүмкіндік болды. Алайда, ЭЫДҰ-ның кейбір дамыған елдерінде, мысалы Францияда вакцина жоқ. Мұны қалай түсіндіруге болады?" - деп министрден сұрады тележүргізуші Рахым Ошақбаев .

Цой өз кезегінде Қазақстанның бүгінде клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіндегі вакцинасы бар 12 елдің тізіміне енгенін еске салды. Бұл факт, оның пікірінше, "өте қарапайым" жолмен түсіндіріледі.

"Шындығын айтқанда, бізде Кеңес Одағынан мұра қалып отыр, 1950 жылдан бастап бізде биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты жұмыс істеуде, ол ерекше қауіпті патогенді штамдармен жұмыс істеді, яғни біздің тәжірибеміз мол - осы штамдармен жұмыс тәжірибеміз 70 жылдан асады", - деп түсіндірді министр.

Сонымен бірге, министрлік басшысы мұндай зертханалар барлық жерде бола бермейтіндігін атап өтті.

"Бұл зертханалар барлық жерде бола бермейді. Вакцина шығарған дамыған елдерде ерекше қауіпті патогендермен жұмыс тәжірибесі бар осындай зертханалар жұмыс істеуде және сәйкесінше осы вакциналарды шығара алды. Бар құпия осында жатыр. Біздің ғылыми әлеуетіміз өте зор, зертханалар жабдықталған - сондықтан біз негізінен осы вакцинаға қол жеткізіп отырмыз", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898372-coi-damygan-elderdin-ozinde-zoq-covid-ke-qarsy-vakcinanyn-ne-sebepti-elimizde-baryn-tusindirdi/