Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Astana LRT құрылысы қайта жанданбақ (видео)

Опубликовано:

Жеңіл рельсті көлік жүйесі
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Аяқсыз қалған Astana LRT құрылысы қайта жанданатын болды. Бірақ қашан екенін елорданың әкімі Алтай Көлгінов нақтыламады деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Жобаға қаржы банктерден инвестиция тарту арқылы құйылмақ. Тұрғындарға онлайн есеп берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жарты жолда тоқтап қалған құрылыстың қайта қолға алынатынын алға тартты.

Әкім аяқсыз қалған жеңіл рельсті көлік жүйесінің қазіргі кейпі қала көркін құртып тұрғанымен келіседі. Сол себепті жобаны аяғына дейін жеткізбек ниетте екен.

"LRT құрылысы елордалықтардың барлығын толғандырып отыр. Пандемия кезінде оның құрылысын жалғастыру мәселесі тоқтап қалған еді. Өйткені, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінен ғана емес, сонымен бірге халықаралық банктерден де сыртқы займ тарту қажет болды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс қайта жанданды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Еске салсақ, бұл жобаға 2015 жылы бюджеттен 156 млрд теңге бөлінген болатын. Жоспарға сәйкес жеңіл рельсті көлік жүйесін салу өткен жылдың маусым айында аяқталуы тиіс еді. Алайда 2018 жылы жоба қаржылық проблемаларға тап болды. Көп ұзамай атышулы құрылыстың басы-қасында жүрген бірқатар лауазымды тұлғаларға "ақша жымқырды" деген айып тағылды. Шетелге қашып үлгергендері арасында әлі де қолға түспегендері бар.

Ә. Өмірзақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898381-atysuly-astana-lrt-qurylysy-qaita-zandanbaqvideo/

pixel