Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол бақытты": Астаналық тұрғын 30 жыл бұрын жоғалтқан махаббатын тапты (видео)

Опубликовано:

Ғашығын іздеген Төлеген
"Еуразия" арнасының эфиріндегі кадр: youtube.com

Астана тұрғынының 30 жыл бұрын кездестірген сүйіктісіне деген ұмытылмас махаббаты жайлы әсерлі оқиға өз жалғасын тапты.

30 жыл бұрын тағдыр жақындастырған ғашығымен қайта кездесу Төлеген Мұқановтың арманы болатын. Сүйіктісін іздеп табу үшін ер адам "Еуразия" бірінші арнасының редакциясынан көмек сұрады.

Бағдарлама кейіпкерінің өмірінен ойып тұрып орын алып, ұмытылмас сезім сыйлаған ғашығының есімі – Лилия.

Жас жігіт 1980 жылдардың соңында жас арумен Қарағанды ​​қаласында кездескен. Ол кезде қыз мектепті енді бітіріп жатқан екен. Бір жыл хат-хабар алмасқаннан кейін Төлегенді Қиыр Шығысқа әскер қатарына алып кетеді.

Ғашықтар содан бері кездеспеген, бірақ арада қаншама жыл өтсе де ер адамның өз бақытын іздеп табуға деген үміті үзілмеген. Тіпті алғашқы кездесуі мен ғашығының қандай көйлек кигеніне дейін Төлегеннің есінде.

Телеарнаның "Басты жаңалықтары" эфиріне жантебірентер сюжет шыққаннан кейін Лилия табылды. Белгілі болғандай, келіншек ұзақ уақыттан бері тұрмыста және некеде өте бақытты екен.

Төлеген Мұқанов ғашығын табуға жәрдемдескен барша қазақстандықтарға және телеарнаға ризашылығын білдірді.

"Ол бақытты өмір кешіп жатыр, мен оған амандық пен бақыт тілеймін", – дейді Астана тұрғыны.

Еске салсақ, Төлеген екі рет үйленген, оның бойжеткен қызы бар, бірақ Лилияны ұмыта алмай жүргені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898397-ol-baqytty-astanalyq-turgyn-30-zyl-buryn-zogaltqan-maxabbatyn-tapty-video/

pixel