Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мәдениет қызметкері 70 млн теңгелік аппаратты ломбардқа өткізіп жіберген

Опубликовано:

Аппаратура
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау тұрғыны өзіне тиесілі емес 70 млн теңгелік құрал-жабдықты ломбардқа өткізіп жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Белгілі болғандай құрал-жабдықты ломбардқа өткізген тұрғын "Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы, ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының" қызметкері екен.

Бұл қылмыстық іс туралы еліміздің Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Мәдениет қызметкеріне қатысты іс "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша қаралды.

Қызметкер материалдық тұрғыдан жауапты адам бола отырып және өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, музыкалық аппаратураны ломбардқа өткізіп, жалпы сомасы 70,9 млн теңгеге төмендетілген бағамен сатқан. Тергеу барысында ол келтірілген залалдың 70 пайызын, яғни 50,9 миллион теңгенің орнын толтырғаны атап өтілді.

Атырау қаласының соты оны кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда белгісіз ер адам кассирге бензин шашып, шағын несие ұйымын тонап кеткенін жазған едік.

Одан бөлек, Петропавлда ер адам қоқыс жәшігімен терезені сындырып, жанармай құю бекетіне кіріп, кассадағы ақшаны қолды қылғанын жазған болатынбыз. Келіп түскен шағымнан кейін тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктінің кім екенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898432-atyrauda-madeniet-qyzmetkeri-70-mln-tengelik-apparatty-lombardqa-otkizip-zibergen/

pixel