Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жүргізушілер үшін қандай айыппұл кешірілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Жүргізуші куәлігі
Көрнекі фото: kazlenta.kz

Елордалық полиция департаменті қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін үйде қалдыруға мүмкіндік беретін заңға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция түсіндіргендей, қазірден бастап көлік жүргізу кезінде жүргізуші куәлігі болуы қажет емес болғандықтан азаматта жүргізуші куәлігі өзімен болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталады.

Полиция автокөлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысы ережелерінен заң жоғары болатындығына, сондықтан құжаттардың жол ережесіне сәйкес талап етілуі заңсыз екендігіне назар аударады.

Сондай-ақ, әкімшілік жазаны алып тастайтын заңның кері күші бар екендігі көрсетілген. Бұл дегеніміз - қазақстандықтарға бұрын және қазіргі уақытта алынбаған жүргізуші куәлігін ұмытып кеткені үшін салынған айыппұлдар кешірілетінін білдіреді.

"Мұндай істер мәжбүрлеп орындауға жатпайды. Сонымен қатар, мұндай істер тек құқық бұзушылардан тиісті мәлімдемелер түскен жағдайда және олар бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тоқтатылуы керек", – деп хабарлады департаментте.

Еске салсақ, ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары ведомствода өткен онлайн-брифингте "Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көліктің техтөлқұжатын беру жалғаса ма" деген сұраққа жауап берді.

Жақында президент аталған құжаттарды алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898445-zurgizusi-kualigin-umytqany-usin-buryn-salyngan-aiyppuldar-kesiriletin-boldy/

pixel