RU

Қостанай облысында тергеудегі әкімнің бұрынғы орынбасары мәлімдеме жасады (видео)

Рустам Садықов
Рустам Садықов. Видеодағы кадр: youtube.com/Тобол Инфо

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Рустам Садықов кәсіпкерлік қызметке кедергі жасады деген айыппен сотқа тартылды. Тергеу мәліметтері бойынша, бұрынғы шенеунік кәсіпкерге жер учаскесін беруден заңсыз бас тартқан. Сотталушы тағылған айыппен келіспейді және өзінің кінәсін мойындамайды. Ол істің егжей-тегжейімен бөліскен видеоүндеу жариялады деп хабарлайды "ТоболИнфо".

10 ақпанда Қостанай аудандық сотында қылмыстық кодекстің 365-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен "Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау" бойынша айыпталған Рустам Садықовтың ісі бойынша сот отырысы өтті.

Іс материалдарына сәйкес, бұрынғы шенеунік облыс әкімдігіне құмды шұңқырды игеру үшін жер учаскесін алуға өтініш берген "Ремдортехник" ЖШС-нің директоры Рашид Саркесеновке кедергі келтірген.

Сотта куәгер, Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Шаимов Рашид Саркесеновтің оларға жүгінгенін айтты.

Ол барлық қажетті құжаттарды ұсынып, барлық инстанциялардан өткенін растады. Тексергеннен кейін оған лицензия берілген. Бірақ мұнымен қатар тұрғындардан шағымдар келіп түсіпті.

Тергеу кезінде олар әкімнің бұрынғы орынбасарының бастамасымен болғаны анықталған.

"40 мың текше метр мөлшерінде құмды уақытылы шығармау мерзімін бұзу лицензия мен айыппұлдардың күшін жоюға әкелуі мүмкін. Кәсіпорын екі ай тоқтап тұрғанын түсініп, Садықов әдейі орындалуы мүмкін емес шарт қойды: ол егер кәсіпкер Заречное ауылының жақын көшелеріне газ құбырын салуды қамтамасыз етсе, жер учаскесін береді.

Садықов қаржыландыру көзіне қарамастан газ жеткізуге кедергі келтіретін кейбір үйлердің сібір жарасы көмілуінің санитарлық аймағында екенін біле отырып, қылмыстық оймен жоспар бойынша әрекет етіп, мердігер компания – "Gas Qurylys" ЖШС белгіледі. Оған Саркесенов 10 820 000 теңге сомасына қолма-қол ақша аударуы керек болатын", – делінген айыптау қорытындысында.

Бұл ақшаны ЖШС директоры Андрей Сидоренкоға аударған кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстың үстінен түскен.

Олар заттай айғақтар алып, қылмыстық іс қозғап отыр. Сонымен бірге, Рустам Садықов видеоүндеу жариялады.

"Мен қазір тергелу үстіндемін, белгісіз себептермен сотталып жатырмын", – дейді ол.

Экс-шенеунік мұның бәрі қалай басталғанын және осындай жағдайға қалай тап болғанын түсіндірді.

Оның айтуынша, жер беруден бас тартудың себебі – бұл жер санитарлық аймаққа жатады. Кәсіпкер заңды белшесінен басып, өтініш берген, барлық шешімдерді ол өзі емес, жер комиссиясы қабылдаған.

Ол заңбұзушылықтың бірін атап, жер игеруге лицензия үш жыл мерзімге берілгенін айтты, ал кәсіпкер оны 48 жылға сұрапты.

Бірақ, куәгерлер Мұрат Шаимов пен Қанат Өмірбаевтың айтуы бойынша, қажетті өлшемдер алыныпты және бас тартуға негіз болмаған.

"Бізге берілген лицензияға қарамастан, олар жер учаскесін беруден бас тартқандығы туралы хатпен жүгінді. Облыстық әкімдіктен өлшеу үшін арнайы маман жіберілді, біз бас тартуға негіз бола алатын ештеңе таппадық. Біздің мәліметтерге сәйкес, ол жер санитарлық аймақ емес", – деп түсіндірді куәгер, табиғи ресурстар басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы Қанат Өмірбаев.

Сот процесі жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898454-qostanai-oblysynda-tergeudegi-akimnin-buryngy-orynbasary-malimdeme-zasady-video/