Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пакет толы ақшаны алып кетті: Елордада қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Мужчина в куртке и балаклаве идет по парковке с синей монтировкой на плече
Фото: vchal / Getty Images

Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖШС менеджері Есіл ауданының полиция бөліміне арызданған. Ол көшеде белгісіз біреулер өзіне шабуыл жасап, ірі көлемдегі ақшасын ұрлап кеткенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің сөзінше, сол күні кешкі сағат сегіздер шамасында өзі және ЖШС бухгалтерімен бірге Мәңгілік Ел көшесіндегі банкоматтан 10,9 миллион теңге көлеміндегі ірі ақшаны шешіп алған.

Терминалдар орналасқан ғимараттан шығып, менеджер мен қасындағы серігінің көлікке қарай барғаны белгілі болды.

Сол уақытта оларға белгісіз 4 адам шабуыл жасап, менеджерді соққының астына алып, одан ақша салынған пакетті тартып алуға әрекет жасаған.

Сонымен қатар оқиға барысында жәбірленушіге қарсы газ шашыратқыш балоны қолданылған. Нәтижесінде қаскөйлер 3 миллион теңгені алып, өздерінің көлігіне жақындаған. Онда ер адамның сөзінше, қарақшыларды серіктесі күтіп алыпты.

Полиция қызметкерлері хабар алысымен іздеу жұмыстарына кірісіп, жасы 18-23 жастан аспаған жеті күдіктіні қолға түсірді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 192-бабы, 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Барлық күдіктілер Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898473-paket-toly-aqsany-alyp-ketti-elordada-qaraqsylyq-sabuyl-videoga-tusip-qaldy/

pixel