Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 42 жастағы турист қар көшкінінен қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Құтқару сәті
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

10 ақпанда Өскеменнен келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп, демалушылардың бірін қар басып қалды. Қайғылы оқиға туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дереу көмекке Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар.

Екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қар көлігімен қосымша жұмылдырылды", – деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Қызметтік көлік
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сағат 16.23-те тікұшақ күннің бұлтты болуы мен көзге түрткісіз түтек боран салдарынан қонуға мәжбүр болған.

Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып және зардап шеккенге дейін жетіп, қар астында қалған 1979 жылы туған ер адамның денесін алып шыққанын хабарлады.

Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын беріп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті.

Қызметтік көлік
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Таудан түсу қар жабынының биіктігімен, қараңғы түсумен, тік қия және төменгі ауа температурасы қиындатты.

11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминалдық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кетті.

ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898476-sqo-da-qar-koskininen-turist-qaza-boldy/

pixel