Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық QazCovid-in вакцинасына шет мемлекеттер қызығушылық танытып отыр

Опубликовано:

Вакцина салу
Көрнекі сурет: pexels.com

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасына шет мемлекеттер қызығушылық танытып жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Дегенмен, ол дәл қай мемлекеттер екенін нақты айтпады.

Министр ең алдымен отандық вакцина ішкі нарықты қамтитынын, содан кейін ғана экспортқа шығарылатынын атап өтті.

"Вакцинаны тарату үшін клиникалық зерттеулердің толық қортындысын алу керек. Өйткені барлық ел бірінші кезекте клиникалық зерттеудің параметрлерін сұрайды, олардың тиімділігін тексереді, содан кейін ғана өтінім беру жағын ойластырады. Қазірдің өзінде бізге қызығушылық танытып отырған бірқатар ел бар, бірақ олардың барлығы клиникалық зерттеулердің қортындысын күтіп отыр", - дейді Алексей Цой.

Дереккөз: КТК арнасы

Айта кетейік, қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізу наурыз айында аяқталды деп күтілуде. Одан кейін вакцина салдыруға ниетті кез келген тұрғын отандық препаратты еге алады.

Отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып Алексей Цой қабылдамақ. Денсаулық сақтау министрі осылайша елімізде өндірілген екпеге қолдау білдірмек.

Жалпы Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды.

Ресейде шығарылған "Спутник V" вакцинасын алғаш болып, денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырады.

Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина ерікті түрде және тегін салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898535-otandyq-qazcovid-in-vakcinasyna-set-memleketter-qyzygusylyq-tanytyp-zatyr/

pixel