Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

Тұман
Фото: pexels.com

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер ұсынаған ақпаратқа сәйкес, 12-14 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 12 ақпанда күндіз, 13 ақпанда тәулік бойы, 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 12-14 ақпанда Тараз қаласында кей уақытта тұман түсуі мүкін.

12 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

12 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оралда 12 ақпанда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

12 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Қызылорда қаласында тұман түсуі мүмкін.

12 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, тұман түсуі мүмкін. Ертең Ақтөбе қаласында көктайғақ болуы ықтимал. 12 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ертең Атырау қаласында тұман түседі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасаған еді.

Оның болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді.

"Әлеуметтік жағдай нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі ықтимал. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда", - деді маман.

Сонымен қатар қыстың үшінші айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер, қолма-қол ақшамен қиындықтар туындауы мүмкін.Валюта бағамы құбылады. Астролог доллардың нығаюы мүмкін екенін ескертті.

"Менен көбі "Ақшаны қай валютада сақтайын?" деп сұрайды. Мен жақын арада доллармен сақтауға кеңес беремін", - деді астролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898558-qazaqstannyn-birqatar-oblysynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/

pixel