Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 7 рет ұрлық жасаған 16 жастағы жасөспірім қолға түсті

Опубликовано:

ұрлық
Көрнекі фото: polisia.kz

Қызылорда облысында 7 рет ұрлық жасаған кәмелетке толмаған жасөспірім сот үкімімен екі жылға ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілді деп хабарлайды Polisia.kz.

2004 жылы туған жасөспірімнің Қызылорда қаласында үй-жайлардан, қоймалардан, автокөліктерден барлығы жеті ұрлық жасағандығы анықталған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы тергеу амалдарын аяқтап, қылмыстық іс тиісті шешім қабылдау үшін облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

Соттың 2020 жылғы 21 желтоқсандағы үкімімен кәмелетке толмаған қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналып, пробациялық бақылау белгіленген.

Сонымен қатар, қылмыстық кодекстің 84-бабының 1-бөлігінің 5-тармағының талаптарына сай кәмелетке толмаған сотталғанға қатысты екі жыл мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру түріндегі тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шарасы қолданылған.

Үкім 2021 жылғы 7 ақпанда заңды күшіне енді.

Үкімді орындаудан жалтарған кәмелетке толмаған тұрғылықты мекен-жайынан белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Қызылорда қаласының полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері іздестіру барысында кәмелетке толмағанды Шымкент қаласынан тапты.

"Қазіргі уақытта жасөспірім Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлкен Бөкен ауылында орналасқан ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа орналастырылды. Оған қатысты пробациялық бақылауды белгіленген мерзім ішінде Көкпекті аудандық пробация қызметі жүргізетін болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898568-qyzylordada-7-ret-urlyq-zasagan-16-zastagy-zasospirim-qolga-tusti/

pixel