Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында әскери борышын өтеуге барған сарбаз көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысынан Қарағанды өңіріне әскери борышын өтеуге барған сарбаз қайтыс болды деп хабарлайды 31 арна.

17 жаста қыршын кеткен Рамазан Жақыптың ата-анасы ұлдарының өліміне сене алар емес. Олардың сөзінше, марқұмның жағдайы екпе салғаннан кейін күрт нашарлап кеткен.

Марқұмның анасы Алтынай Құлатаева ұлының ешқашан ауырмағанын, ауылда қара жұмыс істеп, мал қарап жүрген бала екенін айтады.

Ол осыдан он күн бұрын ұлымен сөйлескенде баласы тамағының ісіп кеткенін айтқан. Оны екпе салдырғаннан кейін қарауылға бірден шығып кеткеннен болғанымен түсіндірген.

"Қалайсың қазір деген ем, жағдайым жақсы деді. Не үшін жатпадың деген ем, жатқызбады деді. Температурамен барған ғой бірақ. Температурамен барса да, ангинамен барса да менің ойымша, қараусыз қалған", - деді Алтынай Құлатаева.

Ал келесі күні, екінші ақпанда таңғы сегізде Рамазан әлсіреп тұрғанына шағымданған. Дәрігерлер оны Абай қаласының орталық ауруханасына жеткізген.

Тексеру кезінде жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Ал бөлімшедегілер жауынгерге ешқандай екпе салмағандарын, сарбаздың менингиттен қайтыс болғанын айтады.

"Таңғы сегізде басталды. Камерадан қарағанда оның алдында түнде тұрып жатқаны көрініп тұр. Таңғы сегізде достары келіп айтты. Рамазанның жағдайы нашарлап жатыр қараңызшы деп. Одан кейін бірден біздің медиктер ауруханаға апарды. Сағат 08:50-де медициналық мекемеде болды. Сағат 11:00-де қайтты деген хабар келді", - дейді 6505 әскери бөлімшесі командирдің орынбасары Арман Сейітов.

Қазір әскери бөлім карантиндік режимде жұмыс істеп жатыр. Марқұммен байланыста болғандар тексеріліп, ғимаратты толығымен залалсыздандырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898611-turkistan-oblysynda-askeri-borysyn-oteuge-bargan-sarbaz-koz-zumdy/

pixel