RU

Ақпан айының соңында Toyota Camry XV70-дің қытайлық нұсқасы сатылымға шықпақ

Toyota
Көрнекі фото: kolesa.kz

Camry XV70 көлігінің қытайлық нұсқасы ақпан айының соңында сатыла бастайды деп хабарлайды kolesa.kz сайты.

Toyota Camry XV70 бірнеше нарықта, соның ішінде АҚШ, Еуропа және Жапонияда жаңартудан өткен. Бәріндегі өзгеріс бірдей.

Бірақ қытайлық нұсқадағы XV70 басқалардан өзгеше болып шықты. Әсіресе, оның салоны тамсануға тұрарлық.

Қытайлық нұсқада 10,1 дюймді сенсорлық монитор қойылған. Мультимедиалық комплекс дауыспен басқарылады. Сонымен қатар саймандар панелі де цифрлық.

Ал агрегаты өзгеріссіз қалған. Іштен жанатын қозғалтқышы 8 сатылы автоматпен жұптасады. Бензинді-электрлік нұсқасы вариатормен жұмыс істейді.

Camry XV70-дің қытайлық нұсқасы 2021 жылы ақпанның соңында сатылымға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде көліктердің дәлме-дәл сыңарын жасайтын алаяқтар көбейгенін жазған едік.

Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, елімізде соңғы кездері көліктердің VIN-кодтарына байланысты алаяқтық деректер жиі анықталуда. Мәселен былтырдың өзінде аталмыш заңбұзушылық бойынша бес дерек тіркелген.

Құзырлы орган өкілдері алаяқтықтың бұл түрі заңмен қудаланатынын ескертеді.

Полицияның ақпарынша, көліктің сәйкестендіру нөмерін өзгерту, қолдан жасау сынды қылмыс үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған немесе 2000 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898623-aqpan-aiynyn-sonynda-qytailyq-toyota-camry-xv70-koligi-satylymga-syqpaq/