Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның бұрынғы бас мүфтиі үй қамаққа алынды

Опубликовано:

Бұрынғы мүфти
Фото: knews.kg

Бішкектің Первомай аудандық соты елдің бұрынғы бас мүфтиі Мақсат Тоқтомушевқа қатысты бұлтартпау шарасын қабылдады деп хабарлайды 24.kg сайты.

Тергеу айыпталушыны екі айға қамауға алуды талап етсе, прокурор оны қамауға алмауды сұраған.

Ақырында сот шешімі бойынша дін өкілі тергеу уақытында үй қамақта болады деп шешілген.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының бас бухгалтері ҰМҚК қызметкерлеріне аса ірі көлемде пара беру фактісі бойынша ұсталған еді.

Басылымның жазуынша, ҚМДБ басшылығы азаматтардың қажылық үшін жинап берген ақшасын заңсыз пайдаланған деп күдіктеліп отыр.

Мүфтият жекеменшік қаржы құрылымдарына жалпы алғанда 100 млн сом қарыз бергені айтылды.

"Мүфтиятта қарыз берген, содан кейін одан ай сайынғы пайыз алып отырған. Бұл фактілер анықталған кезде ҚМДБ басшылығы ҰМҚК қызметкерлеріне фактілерді жасырып, тергеуді тоқтату үшін 100 мың доллар пара ұсына бастаған. Факт "Аса ірі көлемде пара беру" бабы бойынша тіркелді. Ақшаны аудару кезінде ҚМДБ бас бухгалтері ұсталды. Ол ҰМҚК тергеу изоляторының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ҰМҚК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қырғызстанда премьер-министр қызметіне тағайындалған Улукбек Марипов өзінің туған інісін қызметтен босатқанын жазған едік.

Бақытбек Марипов Ош облысындағы Ноокат ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898646-qyrgyzstannyn-buryngy-bas-muftii-ui-qamaqqa-alyndy/

pixel