Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында ер адам жоғалды: Құтқарушылар іздеп жатыр

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

1981 жылы туған ер адам 11 ақпан күні Алматы тауларындағы "Шымбұлақ" шыңына көтерілген. Алайда ол бағытынан жаңылып, кері қайта алмай қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, "112" нөміріне қоңырау шамамен сағат 15:20-да түскен.

Шақырту түскеннен кейін оқиға орнына РЖҚЖ құтқарушыларының бес жасағы, Медициналық апаттар орталығының, Алматы қаласы құтқару қызметінің, "Шымбұлақ" ТШК құтқарушылары, сондай-ақ 2 кинолог аттанған.

Жергілікті жерде жұмысты үйлестіру үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, "109 Құтқару қызметі", медициналық қызмет және Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқарушыларынан жедел штаб құрылған.

Жоғалған ер адамды іздеу жұмыстарына ұшқышсыз басқарылатын аппарат та тартылды. Қазавиақұтқарудың тұман салдарынан уақытша ұша алмай тұрған КА-32 бортын дайындық жағдайына келтірген.

Бірінші күннен бастап құтқарушылар қалың тұман мен ылғалды қарлы қатты жел жағдайында 3200 метрден астам биіктікте ер адамды іздеп жатқаны хабарланды.

Сонымен қатар, қазір іздеу аймағында қар көшкіні қаупі жоғары екендігі көрсетілген.

Жедел-құтқару тобы "Шымбұлақ" шыңын, оған іргелес жотаны, Шымбұлақ өзені маңындағы шатқалды, Богданович мұздығы аумағы мен Талғар асуын қарап шыққан.

Осылайша құтқарушылар жан-жақтан іздестіріп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына және қар көшкіні қаупіне қарамастан, құтқару жұмыстары тоқтамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898675-almaty-taularynda-er-adam-zogaldy-qutqarusylar-izdep-zatyr/

pixel