RU

Қостанайлық әйел өзін туа салысымен тастап кеткен анасын іздеп жүр

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Людмила Костюкова 1964 жылы 1 қазанда Қостанай облысы Садчиковка ауылында туған. Оны асырап алған ата-анасы тәрбиелеген. Әкесі қызды қалай асырап алғанын тек өлер алдында ғана айтыпты. Енді әйел туған анасы мен жақындарын тапқысы келеді деп хабарлайды "Костанайские новости".

Людмиланың сөзінше, анасы оны дүниеге келе салысымен тастап кеткен. Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін.

Нәрестені Иван мен Наталья Кулицкийлер асырап алған. Тіркеу кітапшасында Людмиланы 26 жастағы Александра Клавдий есімді ингуш әйелі босанған деп жазылған.

Қазақстандықтың сөзінше, оның асыранды анасы үш жасында көз жұмған. Әкесі қайтадан шаңырақ көтерген. Екінші әйелі Людмиланың анасы сауыншы болып жұмыс істегенін айтқан. Аты Галя болған екен.

"Ол орысша нашар сөйлейтін. Оның төрт жасар тағы бір қызы болды, күйеуін түрмеге отырғызды. Оның отанына оралуы керек болды. Оның басқа амалы болмады деседі. Клавдий - оның тегі болмауы да мүмкін", - дейді Қостанай облысының тұрғыны.

Людмила Костюкова өзінің жақындарын тапқысы келеді. Қандай да бір ақпарат білетіндердің төменде көрсетілген редакция нөміріне хабарласуын сұрайды: WhatsApp: 8 777 442 11 22

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысын 17 жастағы қыз өзінің өгей әкесінен жүкті болып қалғанын жазған едік.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауда отыр. Ал кәмелет жасына толмаған қыз жүктіліктің жетінші айында. Сол себепті ол босануға дайындалып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898714-kostanajlyk-jel-zin-tua-salysymen-tastap-ketken-anasyn-izdep-zr/