Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 8 колледждің қызметі толығымен тоқтатылды

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: kyzylorda-news.kz

Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратынша, БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады.

"Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған", - делінген хабарламада.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған.

Ведомство барлық жабылған колледждің студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылып, оқытушылары жұмыспен қамтылғанын атап өтті.

Білім министрлігі колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жасауды жалғастырады.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берген еді.

Ведомство басшысы президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатқаны, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндаған болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898725-kazakstanda-8-kolledzdi-kyzmeti-tolygymen-toktatyldy/

pixel