Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да Ресей азаматын "қорғаған" шенеунік одан ай сайын млн теңге алып отырған

Опубликовано:

Көлік
Видеодан кадр: Хабар 24

Солүстүстік Қазақстан облысында транспорттық бақылау инспекциясының екі қызметкеріне пара алды деген айып тағылған. Бір іс сотта қаралып жатса, екіншісіне сот үкімі шықты деп хабарлайды Хабар 24.

СҚО транспорттық бақылау инспекциясының бас маманы Жасұлан Мұқанов үш жылға түрмеге тоғытылды.

Өткен жылы ол миллион теңге пара алу кезінде қолға түскен. Мемлекеттік қызметкерге ақшаны өз қорғауына алған ресейлік берген.

Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазиннің айтуынша, шенеунік өзін инспекцияның қызметкерімін деп таныстырып, шетелдікке тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігімен аймақ бойынша бұрғылау қондырғысының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуді ұсынған.

Сонымен қатар, ол басқа мемлекетте тіркелген көлік құралында жүкті (бұрғылау қондырғысын) тасымалдағаны үшін оны әкімшілік жауапкершілікке тартпауды қамтамасыз еткен.

Көрсеткен қызметі үшін Жасұлан Мұқановқа ресейлік ай сайын 1 млн теңгеден беріп отыруы керек болған.

Үкім шыққаннан кейін көлік инспекциясы бастығының орынбасарын жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады. Егер сот парамен ұсталған екінші қызметкердің кінәсін дәлелдесе, онда ведомство бастығы да жазалануы мүмкін.

Еске сала кетсек, 11 ақпанда Жоғарғы сот судьясының парамен ұсталғаны белгілі болды.

Осыған байланысты Жоғарғы сот кеңесі ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның дерегінше, аталған судья 2019 жылы ақпан мен өткен жылдың желтоқсаны аралығында кеңес құрамына кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898739-sqo-da-resei-azamatyn-qorgagan-seneunik-odan-ai-saiyn-mln-tenge-alyp-otyrgan/

pixel